“Өзендерімнің арналары” — қазақстандық суретші Дина Байтасованың жеке көрмесі.

Адамның жолы өзен іспетті. Бұл нағыз метаморфозалар жолы: уақыт өзені ағып келеді, ал тұлға жаңа саяхатқа шығу үшін тазарады және шыңдала түседі. 

Динаның жасырын ішкі жұмысы осыдан 15 жыл бұрын басталған еді, сол кезде ол Парижде білім алып жүрген, әрі өзінің өзгешелігін сезіне отырып, суретшіде сәйкестілікке байланысты сұрақ туындайды. Тамырын іздеу жолында іліп аларлық жалғыз ғана нәрсе ретінде суретшінің тегі болған — «Бай-тас». Бұл тұста дәл осы тастар жеке мифологиясының кіреберісіне айналады, ал 2020 жылғы тектоникалық қозғалыстар нағыз катализатор болып шығады, өйткені осы кезде болған пандемия адамдарды негізгі өмірлік сұрақтармен бетпе-бет келуге мәжбүрлеген: мен кіммін және қайда бара жатырмын? 

2021 жылы Дина Қазақстанның батыс өңіріне, Маңғыстауға саяхатқа шығады, бұл аймақтың: Бекет-ата, Шақпақ-ата, Қызылкүп, Торыш алқабы, сортаң алқаптары сияқты киелі жерлері мен ландшафттарына қажылық жасайды. Бұл үдеріс көркемөнер өміріне бастамалау рәсімі болса, 2022 жылы византиялық иконалар мен антикалық мифология ортасында өткен Грекиядағы Метеорада орналасқан арт-резиденцияға сапары нағыз шарықтау шегіне айналады. 

тік және ішкі “мен” арасындағы дау-жанжал — рухани ілімдердің басты мәселенамасы болып келеді. Бір жағынан — “тұлға”, яғни, бізді оңай тану және санаттау үшін тағып жүретін бетпердеміз, екінші жағынан — бұл “Өзділік”, ақындардың тілге тиек ететін “күңгірт егіз”, қоғамдық өмірдің шеңберіне сыймайтын іштегі адам. Христиандық дәруіш Мейстер Экхарт адамның осы болмысын — “ішкі Құдай” деп атаған, ал үнділік ведада “атман” туралы айтылады. Оны анықтауға болмайды, дегенмен ол қиялымызды идеяларға қанықтырады, суретшіге дұрыс реңк немесе ақынға нақты сөзді сыбырлап тұрады. 

Талдамдық психологияның атасы Карл Густав Юнг ежелгі сиқырлы өнер — алхимияны түсіндірудің арқасында шынайы “мен” ұғымын іздеп табудың кезеңдерін сипаттай алды. Алхимия, не болмаса оның тағы бір атауы “көңілді ғылым” — жұмбаққа толы сиқырлы пән, әрі ол Ежелгі Мысырдан бастау алып, арабтардың Шығысында да, сол секілді христиандық Батыста да кеңінен таралған, ал кейіннен XVII ғасырдың соңына қарай мүлдем құлдырай бастайды. Алхимияның мақсаты тек қана байып отыру, материалдық тұрғыдан қорғасынды алтынға түрлендіру деп ойлау нағыз аңғырттық болар еді. Бұл жерде барлығы да әлдеқайда күрделірек болып келеді. 

Егер суретшінің жолын алхимиялық үдеріс ретінде қарастыратын болсақ, бұл жерде әртіс өзінің әсерлерін, қорқыныштары мен үміттерін араластырып, әрі қоюландырса (solve at coagula), онда шынайы “менді” иемденгенін, жасырын оттың оянғаны немесе өнер тілінде айтатын болсақ, өзіндік Қиялдағысын ашуы және суретшінің пішіндер, идеялар мен бейнелердің ішкі қайнар көзіне толықтай сенуін аталмыш үдерістің барлық кезеңдерінен өтудің нәтижесі ретінде санауға болады. 

Көрме тұжырымдамалық тұрғыдан алхимиялық жасаудың үш кезеңіне бөлінген:

Nigredo немесе қара түстегі жұмыс — алхимиялық үдеріс, тура суретшінің жолы іспетті метафоралық өлімнен басталады. Неофит әлеуметтен алшақтауы тиіс, әрі бұл әлеммен үйреншікті байланыстарды үзуі және бейсаналықтың тереңіне дейін жетуі керек. Дегенмен осы азапты, әрі хаосқа тола үдеріс психиканың үйлесімділігіне әкеледі, ал тұлға алғаш рет өзінің біртума екендігін түсіне бастайды.

Қағаз бетіндегі алғашқы көркемөнер туындылары 2010 жылы Парижде орындалған болатын. Бұл суреттер үшін өз ішіңе, іштегі тұңғиыққа үңілудің нышаны ретінде қанық көк түс тән. 

Сонымен бірге жұмыстар Томирис Мұрат, Динаның alter-ego лақапаттарымен ұсынылған еді, осылайша суретші әлемге өзінің тұңғыш өнер туындыларын абайлап таныстырған екен. 

Albedo немесе ақ түстегі жұмыс — бұл қайта тірілудің кезеңі. Мұнда суретші немесе алхимик жаңа денеде қайта тіріледі, әрі басқа түйсікке ие болады және ішкі шабыт көзін ашады. Альбедо әлі де әлдененің соңын білдірмейді, дегенмен болмыстың қуанышы, жеңілдік және әлеммен ойнаумен аяқталатын маңызды кезең. 

Осы кезеңді бейнелейтін жұмыстар еденге ескірген тері немесе бұрынғы дене секілді лақтырылған ақ түсті гипстік фигуралар түрінде ұсынылған. 

Rubedo немесе қызыл түстегі жұмыс — “мен” және “әлем” арасындағы шекаралардың бұлыңғырлығымен сипатталатын magnum opus-тың соңы. Енді тұлға өзін осы әлемнің бір бөлшегі ретінде сезінеді, ал суретші жеке дүниені адамзаттық дүниеге көркемдей алады. Осы кезеңде барлық қарама-қайшылықтар біріктіріледі: әйелдік және еркектік, төмен және жоғары, жердегі және көктегі. 

Rubedo кезеңінің жұмыстары қызыл реңкте орындалған және тау нышанында көрсетілген әйелдік негіз туралы баяндайды. Түркі мифологиясында бұл Ұлы Ананың бейнесі — хтоникалық табиғаттың бастауы. 

Герметизмнің «жоғарыда қандай болса, төменде де солай» деген қағидатына сүйене отырып, бұл көрме суретшінің ішкі әлемімен жасырын түрде жұмыс істей келіп, сыртқы әлемге қалайша ашылатыны туралы болмақ. Адал, ашық, боямасыз. 

 

 

 

Көбірек оқыңыз