Қалың малдың қай түрін төлеп жүрсіз?

Қалың мал – қазақтың құда түсу дәстүріндегі маңызды рәсімдердің бірі. Бұл рәсім күйеу жақтың қалыңдықтың ата-анасы мен туыстарына сый ретінде беретін материалдық сыйлықтар жиынтығын қамтиды. Қалың малға сүт ақы, күш ақы, қыз жасауына қажетті заттар, тірі мал, киім-кешек және түрлі сый-сияпаттар кіреді.

Қоғамда қалың малдың мағынасы туралы әртүрлі пікірлер бар: бірі дәстүрдің тозығы десе, енді бірі қалыңдықты малға не ақшаға сатып алу деп түсінеді. Қалың мал беру тәртібі қазақтың әдептік-құқықтық заңдарында (мысалы, «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Жеті жарғы») бекітілген. Қалың малдың мөлшері құдалардың әлеуметтік мәртебесіне қарай келісіліп, «неке келісімі» арқылы шешілген, ол дастарқан басында талқыланып бекітілген. Қалың малдың келесідей дәстүрлі түрлері бар:

Бас жақсы

Түзу мылтық, берік сауыт, жақсы сырт киім, қашса құтылатын, қуса жететін бір сәйгүлік және малдығы артық бір түйе немесе олардың орнына бес ірі қарадан 20 жылқы берілген.

Қара мал

Қалың малдың ең өзекті бөлімі ірі қара саны бір жиырма (21-25 жылқы), бес жиырмаға дейін барған.

Той малы

Қыз ұзату тойына сойысқа апарылатын мал, жыртыс және қалыңдық жасауының шығыны. Той малы 20-70 бас жылқыға дейін жеткен.

Сүт ақы

Қалыңдықтың анасына берілетін 1-7 түйе. Қыз әкесінің ата күшіне төленетін ақы.

Жігіт түйе

Бұған 2 түйе және міндетті түрде жақсы сырт киім мен ер-тұрман беріледі.

Ілу

Қызын тәрбиелегені үшін ұрын барғанда берілген кәде. Егер ілуге көп қаражат жұмсалса, тиісінше қара мал саны азайтылған.

Дөңгелек қалың

Кедейлер ортасында жүрген қалың мал түрі. Мұнда он шақты қарадан аспаған.

Балама қалың

10-15 ұсақ мал орнына бір тәуір жылқы берілген.

Олқы қалың

37 ірі қара – әйелі өліп, балдызын алғанда төленген.

Қазақстанда қалың малдың түрлері өзгерген. Қазіргі таңда ірі қара мен жылқыдан бөлек, қалың мал ақшалай да беріледі. Дегенмен, «сүт ақы» мен «балама қалың» әлі күнге дейін сақталған. Қалың малдың көлемі аймаққа байланысты әртүрлі болып, кей жерлерде малмен, кейбірінде ақшамен төленеді.

Ал сіз қалың малдың қай түрін төлеп жүрсіз?

 

тарих
Көбірек оқыңыз