Қандай жағдайда келін сәлем салмайды?
Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты» еңбегінде қазақ келіні екі жағдайда ғана сәлем салудан боса-тылғаны туралы былай деп жазған:
Біріншісі, аяғы ауыр кезінде – мұндайда қайын ағалары келінді ыңғайсыз жағдайға қалдырмау үшін жүкті келіннің алдынан шықпауға тырысқан әрі болашақ ана деп құрмет пен қамқорлық көрсетіп, қолдан келгенше аялаған.
Екіншісі, күйеуі қайтыс болған жағдайда – мұндайда үлкендер келінді сәлем салудан мүлде босатқан. Жесір әйел отбасының жүгін арқалап, балаларын жетілдіру үшін жұмыс істейтінін түсінген қазақ халқы «басың иілмесін, жігерің құм болмасын, жүзің төмен түспесін, көзіңді мұң шалмасын. Бұдан былай келініміз емес, қызымыздай боласың» деп даналық танытқан.
