Қазақстанға Каспий мен Ертісті қайтарған тұңғыш математик

Әлімхан Әбеуұлы Ермеков (1891–1970) – мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі,«Ұлы математика курсы» және «Қазақ тілінің математика терминдері-нің» авторы, математика саласындағы тұңғыш қазақ профессоры.

Ол 1920 жылы В.И. Лениннің алдында баяндама жасап, қазақ жерінің тұтастығын қорғап қалды. Нәтижесінде, кезінде қазақтардан тартып алынған Каспийдің солтүстік жағалауы мен Ертістің сол жағалауы Қазақстанға қайтарылды.

Томскіде оқып жүрген кезінде орыстың озық ойлы ғалымдарымен, соның ішінде Шоқан Уәлихановтың досы Григорий Потанинмен танысады. Потанин Әлімханның білімге деген құштарлығын байқап, оған:

«Әлімхан, сенің білімің – ол қазақтың білімі. Сол себепті жақсы оқы және өзгелерді оқыт», – деп ақыл береді.

 

тарих тұлға
Көбірек оқыңыз