Қазақтар не үшін тұмар таққан?
Тұмар — қазақтың дәстүрлі материалдық және рухани мәдениетінің айрықша компоненті. Ол — зиянды тылсым күштерден, тіл-көзден және жаман ниеттен қорғау мақсатында қолданылған арнайы әшекей-бұйым. Тұмардың тарихи тамыры көне түркі дәстүрінен бастау алған, тіпті ежелгі Андронов мәдениетіне тән қыш ыдыстарда да кездеседі.

«Тұмар» сөзі көне түркі тілінде «туған жер» дегенді білдіреді. Ежелгі түркі қоғамы тұмарды туған жердің топырағын салып жүретін қасиетті әрі қорғаныш бұйым ретінде ұстаған. Әсіресе, жорыққа аттанған батырлар мен өз елінен жыраққа ұзатылған қыздар «Жер Ана жебеп жүрсін» деп, туған жердің бір шымшым топырағын кішкентай шүберекке түйіп, сағынғанда иіскеп, мауқын басқан.
Тұмар түрлері оны жасауға қолданылған материал мен әшекейіне қарай әртүрлі аталған. Мысалы:
- Алтын тұмар – күміске алтын жалатылған түрі;
- Тіллә тұмар – толықтай алтынмен қапталған;
- Сіркелі қолтық тұмар – бетіне өрнек сіркеліп жасалған;
- Бойтұмар – топырақ, үкі қауырсындары, теңіз және өзен қабықтары, қой мен түйе жүнідері немесе қағазға жазылған дұғалар мойынға тағылатын;
- Жастық тұмар – төртбұрышты, түсті металдан жасалған;
- Қиық тұмар – сәндік мақсатта жалтырауық заттардан жасалған;
- Лағыл тұмар – лағыл тастармен безендірілген.
Тұмар үш әлемді – көктегі, жердегі және жер асты дүниелерін біріктіретін ғаламдық тау ұғымымен тығыз байланысты. Сондықтан қазақ дүние-танымында ол тек сәндік бұйым емес, ғаламның тұтастығын бейнелейтін философиялық символға айналған.ды. Бұл ғұрып адамдарды бірлікке шақырады.
- Шыңы жоғары бағытталған үшбұрыш – рухтың материядан көтерілуін, яғни адам мен Жаратушы арасындағы байланыс арнасын білдіреді.
- Төменге бағытталған үшбұрыш – рухтың материяға түсуін, яғни өмір мен табиғаттың бастауын бейнелейді.
- Кейде шыңы жоғары үшбұрыш еркектік бастау, ал шыңы төмен үшбұрыш әйелдік бастау деп түсіндірілген.
Тұмар кейде әйел киіміндегі зергерлік кешеннің маңызды бөлігі ретінде, әдетте кеудеде тағылатын жеке әшекей саналады. Күміс, бағалы тастар, нақышты өрнектер арқылы безендірілген тұмарша тек қорғаныс қызметін атқармай, сонымен қатар киімнің композициялық орталығын, әлеуметтік статусты және ру-идентификацияны да білдірді.
Қорыта айтқанда, тұмар – қазақ халқының ежелден қалыптасқан наным-сеніміне негізделген киелі бұйым. Ол тек әшекей немесе сәндік зат қана емес, адамның рухани қорғаны, жамандықтан сақтайтын қасиетті нышан ретінде қабылданған. Бұл қазақ халықтың дүниетанымы мен рухани мәдениетінің байлығын, табиғат пен тылсым күштерге деген құрметін айқын көрсетеді. Соңғы уақыттары тұмар жасау дәстүрі мәдениетпен қатар дінмен де сабақтасып, оған Құран сүрелері жазылған қағаз салу кеңінен тараған еді. Алайда соңғы жылдары бұл үрдіс мүлде азайды.
Ал сіз тұмар таққансыз ба?