Сәбидің мерекесі

Бүгінде көптеген ұлттық әдет-ғұрыптар қайта жандануда. Солардың бірі – сәбидің өміріндегі алғашқы мереке – «қырқынан шығару».

   Ата-бабаларымыз мыңдаған жылдар бойы тәрбиенің озық үлгісін көрсетіп, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келсе де, бала тәрбиесі туралы әлемдік бестселлерлер біз үшін сөре кітаптарына айналуда. Мысалы, жаңа туған нәрестеге 40 күнді мерекелеудің шынайы мән-мағынасын тани білген.

Ежелден қазақтар арасында өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеу мәдениеттің басты аспектісі болған, өйткені балалар халық өмірінің мәні болып табылады. Бұған балалармен байланысты көптеген мерекелер дәлел бола алады. Қазақ отбасыларында баланың дамуы мен қалыптасуының әр сатысы дәстүрлі түрде салтанатты рәсім болып атап өтіледі. Мысалы, сәби дүниеге келгенге дейін отбасының әйелдер қауымы қуанышты жаңалыққа дайындалып, «Құрсақ шашу» (жүктілік себебіне байланысты сыйлықтарды шашуды) рәсімін атап өтеді. Бұл іс-шараға болашақ анаға бала тәрбиелеу және оған қамқорлық жасау бойынша тәжірибесімен бөлісетін әйелдер ғана шақырылады.

Ноттердам университетінің антропология профессоры Джеймс Маккенна жаңа туылған кездегі баланың миының жетілуін біздің түрлеріміздің антропологиялық құрылымымен байланыстыруға тырысып зерттеу жүргізген. 

 «Ежелгі әйел екі аяғында тік тұрған кезде оның жамбас сүйегінің құрылымы тарылып, адам балалары 3-4 ай бұрын туылатын болған. Бұл процесс нәрестенің басы тым үлкен болғанға дейін қауіпсіз туылуына мүмкіндік береді» («Балалар табиғаты журналы», 1994 ж.). Батыс ғалымдары адам дамуындағы бұл ерекше кезеңді «төртінші триместр» деп атайды. Яғни, туылғаннан кейін жүйке жүйесі мен мидың жетілуі жүзеге асады. Осы кезеңде нәресте сыртқы әлеммен байланысуды үйренеді, оның тыныс алу жүйесі реттеледі.

Қырық күндік межеге жеткен нәресте отбасының толыққанды мүшесі болып саналады. Оның құрметіне «Бесікке салу», «сылап-сипау» («тұзды суға шомылу»), «ат қою – азан шақыру» сияқты салт-жоралар өткізіледі. Бұл мүмкіндік құрметті, сыйлы адамға беріледі, ол баланың екі құлағына да тиісті дұғаны оқып, оның есімін айтады.

   Бүгінгі күні де көшпелілердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі ағзаның биологиялық және физиологиялық өзгерістерін ескеретін, баланы этнос өкілі ретінде дамытатын және қазақ халқының ғасырлық даналығын көтеретін ежелгі салттары біздің замандастарымыздың арасында сұранысқа ие және өзекті болып қала береді.

                                                                                                                               

Автор: Мадина Құрбаналиева

Сурет: автордың жеке мұрағатынан

Көбірек оқыңыз