Шымбұлақ ханшайымы атанған Александра Артеменко
Шымбұлақ курортының 70 жылдық тарихында өз ізін қалдырған Ұлы тұлғалар жетерлік. Өткен ғасырдың белгілі шаңғышысы Александра Артеменко ең маңызды жарыстарында республикамыздың бірінші өкілі болды. Ақ ойындардың бірнеше дүркін жүлдегері атанған спортшыны еске алайық.
Александра Ивановна Артеменко – кеңестік тау шаңғышы. Александра Артеменко 1928 жылы Сібірде туылған. Оның балалық шағы Краснояр өлкесінің Артемовск қаласында өтті. 8 баладан тұратын көпбалалы отбасыдан шыққан ару жастайынан көп жұмыс істеген. Соғыс уақытында әкесі мен ағасы армия қатарына алынған сәтте ол да шашын алдырып, өзін ер адам кейіпінде ұстап, бірнеше рет майданға шығуға тырысқан. Бұл іс-әрекетінен оның жастайынан өжет әрі батыл болғанын байқауға болады. Соғыстан кейін халық жағдайы жеңілдеген сәтте Артеменко өз қатарластарымен стадиондарға, спорт алаңдарына қарай тартылып, спортпен айналыса бастайды. Ол жеңіл атлетикамен, шаңғымен, жүгірумен, гимнастикамен, волейболмен, баскетболмен, семсерлесумен айналысқан өте кең профильді спортшы. Алайда оның өмірінде тау шаңғысы мен Шымбұлақ қасиетті әрі маңызды орынды атқарды.
Алғашқы еңбек жолы геодозист мамандығымен басталған. Ол Томск топографиялық колледжінде оқып жүргенде ақ жеңіл атлетика мен шаңғы жарысы бойынша облыс құрамасына қатысты. Топографиялық түсірілімдер кезінде ол өзімен бірге жұмыс істейтін ер адамдардан екі есе көп шақырымға ағаш шаңғымен жүгіретін. Батылдығымен көзге түскен Артеменконы облыстық партия басшысы аудандық байқауларда өнер көрсетуіне мүмкіндік жасаған. Ұйымдастырылған спорттық жарыстарда сәтті өнер көрсеткен Артеменко облыстық жарыстарға жолдама алып, жүлделі орындарды иеленіп жүрді.
Александраның мотиві болған американдық «Күн аңғарының серенадасы» тамаша фильмі оны таудан шаңғы тебуге ынталандырды. Басты кейіпкер Соня сияқты сырғанауды мақсат етіп, нақты қадамдар жасаған.
1951 жылы Алматы тауларын алғаш көруі оның тау шаңғышысы болу ойы өмірлік мақсат мұратына айналдырды. Александра Артеменконың кәсіби тәжірибесінде оның ержүрек мінезі мен Шымбұлақтың биік тауларының ойпауыттары әдемі үйлесім тапты.
Алматыдағы дене шынықтыру институтына түскеннен кейін бір жылдан соң Шымбұлақта өткен ел біріншілігінде үш медаль жеңіп алды. Александраның бұл жеңісі оны Кеңес Одағының құрама командасына қосылуына жол ашты.
РСФСР шаңғымен жүгіру командасында жүріп бүкілодақтық жарыстарға қатысты.
1956 жылдың басында ұлттық құрамаға қабылданып, Италиядағы Кортина д'Ампеццо қаласында өткен VII қысқы Олимпиада ойындарына аттанды. Бұл олимпиадада үш рет стратқа шыққан Александра төбешікте 14-ші уақытты көрсетіп, содан кейін аса алып слаломдары сәтсіз болды.
Спортшының өз сөзінше, бұл сәтсіздіктің басты себебі, ол уақытта мұндай ауқымды жарыстарға қатысуда елеулі тәжірибенің жоқтығы мен төрешілердің бейтараптық көзқарасы ( предвзятая оценка судей) әсер еткен. Дегенмен Александра Ивановна Артеменконың есімі қазақ спортының тарихында мәңгілік қалады, өйткені ол республикамыздың тұңғыш олимпиадашысы болды.
Ұлы тұлғаның қиын сәттерде өзіне айтатын “Шурик, орныңнан тұр, Шурик орныңнан тұр” деген сиқырлы сөзі болған. Бұл сөзінен кейін әр жеңілісте жарақат пен ауырсынуға бой алдырмай, мінез көрсете, орнынан тұратын. Шаңғы спортына махаббаты оның жеңіс туын желбіретуге жігерлендірген.
56 спартакиададан кейін Артеменко ұзақ жылдар бойы еліміздің алдыңғы қатарлы шаңғышылар қатарында қалып, бүкілодақтық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Көптеген жылдар бойы спорт басылымдары сәнді комбинезондағы сымбатты және әдемі қыз күннің жанында - тамаша таулардың фонында тұрған фотосуреттерді жариялады. Оқырмандар арасында Александра Артеменко сияқты болғысы келетін ынталы жастар қатары артты.
1958 жылы Австриядағы Әлем чемпионатында бесінші болып келді.
Жеке өмірі…
Александраның отбасы оны Новосібірден Томскіге қайтарғылары келіп досымен үйлендіреді. Бірақ көп ұзамай Александра Алматыға қашып, күйеуін Томскіде қалдырды. Бір сөзбен айтқанда ол өзінің бүкіл өмірін спортқа арнаған.
Александра Артеменко соңғы медалін 1974 жылы жеңіп алып, тау шаңғысынан он екі рет Қазақ КСР чемпионы атанды. Осы уақыт ішінде ол он бір рет елде ең мықты болып, он бес рет Бүкілодақтық тұғырдың екінші сатысына көтерілді, КСРО чемпионаттарында төрт қола медаль алды.
Ол Шымбұлақтың тау шаңғышысы әрі олимпиадашысы атанып қоймай, оқыту үдерісіндегі кез келген жаңашылдықтың көшбасшысы ретінде тарихта қалды. Шаңғы спортындағы бапкерлік мансабы жастайынан бастаған Александра Ивановна жаттықтырушылық тәжірибесінде өте талапшыл, қатал ұстаз болған. Шәкірттерінің 11-і КСРО чемпионы, 32-сі спорт шебері атанды.
Александра Ивановна Артеменко 2010 жылы 83 жасында өмірден өтті. Ол өмірінің соңына дейін қыс мезгілін Шымбұлақтың әсем тауларында өткізетін. Сол үшін ол Шымбұлақтың ханшайымы деген лақап атын алған.