Тәуелсіз Қазақстанға – 31 жыл!

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – Қазақстан тарихындағы ең маңызды оқиға. Ол тура бес жылдан кейін, 1991 жылғы 16 желтоқсан күні еліміздің Тәуелсіздігін жариялауға негіз болып, жаңа тарихи процестерге серпін берді.

dennezjpg 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – халқымыз үшін ең басты ұлттық мерекелердің бірі. Тәуелсіздігіміздің арқасында тәуелсіз болашағымызға жол ашқан сол кездегі жастарға, студенттерге біз қашан да борыштармыз. Ер есімі – ел есінде. Қалың елім қазағым Тәуелсіздік жолында құрбан болған әрбір ұл-қызының ерлігін ешқашан ұмытпайды!

 Қазақ хандығынан бастап халқымыздың басынан небір сұрапыл күндер өтті. Ел басына күн түскен қиын күндерде де халқымыз еңсесін тік ұстап, тек алға жылжумен болды. Ұлы даланың рухы әркез бізді қолдайды. Қандай қиын жағдай болса да, еліміз оны абыроймен еңсеретіні анық. Бастысы – біздің күшіміз бірлікте екенін естен шығармайық!    

Тәуелсіздік бізге сыйлық ретінде немесе кездейсоқ келген жоқ. Бұл – ұлттың рухын көтеретін, ұрпақтың мерейін өсіретін мәртебелі мейрам. Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі. Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз. Сондықтан бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің қадірін жан жүрегімізбен сезінеміз. Егемендік – әр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт. Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдерді еске түсірейік:

Қазақ КСР-де республиканың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды, ол Қазақстанның тәуелсіздігі жолында маңызды рөл атқарды.

1995 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – елордамыз Астана қаласының құрылысы. Қысқа мерзім ішінде еліміздің басты карточкасына айналған заманауи қала пайда болды. 1999 жылы Қазақстан астанасы әлемдік деңгейге көтеріліп, бас қаламыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» марапатына ие болды.

2015 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді.

2017 жылы Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017–2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайланған Орталық Азиядағы алғашқы ел болды.

2017 жылы Қазақстан ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізген ТМД-дағы алғашқы ел болды.

2019 жылы Қазақстан Республикасының жаңа президентін сайлау өткізілді, Елбасының стратегиялық бағытының сабақтастығы қамтамасыз етілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен еліміз дамып, алға жылжуын жалғастыруда: 2022 жылы президент мемлекет басшысының жеті жылдан астам уақыт қызмет ете алмайтынын жариялады және мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді ұйғарды.

Мерзімінен бұрын президенттік сайлау 2022 жылға жоспарланған.

 

Автор: Адамжан Мөлдір

Көбірек оқыңыз