Халқының ұлы перзенті

2022 жылдың 12 қаңтарында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 110 жасқа толды.

Дінмұхамед Қонаев – көрнекті мемлекет қайраткері,  Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақстан Ғылым академиясының президенті. Қонаев дәуірінде Қазақстанда тұтас республика көлемінде тоқыраушылық болған емес. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9 есе, құрылыс – 8 есе, ауыл шаруашылығы – 6 есеге өсті. Республикамыз отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды.

1955–1985 жылдар аралығында Алматыда КСРО және ҚазКСР мемлекеттік сыйлықтарына ие болған құрылыс нысандары, абаттандырылған көшелер, алаңдар, скверлер, әсем үйлер мен әдемі әкімшілік ғимараттар пайда болды, ең үлкен алаңдарда ескерткіштер орнатылды. Мемлекеттік өнер мұражайы, Қастеев атындағы Спорт сарайы. ҚазКСР Мемлекеттік мұражайы, ҚазКСР Үкімет үйі, Орталық кітапхана, Орталық стадион, Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры, Мемлекеттік цирк, 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ, Көк базар, «Арасан» моншасы, Шоқан Уәлихановтың ескерткіші, Абай ескерткіші, «Қазақстан» қонақ үйі, Оқушылар сарайы, «Медеу» селге қарсы бөгеті, «Медеу» биік таулы мұз айдыны, Алматы әуежайы, ҚазССР Ғылым академиясы, «Көктөбе» телемұнарасы.

Қонаевтың нақыл сөздері

Мен әрқашан өз халқыма адал қызмет еттім және өмірімнің соңына дейін қызмет етемін.

Қазақтар «Егер адам туыстарын білмесе, ол ата-бабаларын да білмейді» дейді. Біздің халқымыздың бірегей ерекшелігі – халқымыз ата-бабаларын ешқандай жазбасыз-ақ жеті атасына дейін жатқа біледі. Әр адам өзінің ата тегін білуі керек.

Қонаев туралы ойлар

Бауыржан Момышұлы (Қазақстанның Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы): «Мен өз халқыммен, оның лайықты ұлымен мақтанамын... – бұл тарихи факт...».

Мұхтар Әуезов (қазақтың ұлы жазушысы, ғалым): «Димаштың тағдыры қазақ халқының мақтанышы болуы тиіс, оны Алла тағала бір өзі сақтасын».

Ілияс Есенберлин (жазушы, «Көшпенділер» трилогиясының авторы): «Кемеңгер адамдар өз халқының не бақыты үшін, не қайғысы үшін туады» – дейді халық даналығы. Димаш Ахметұлы өз халқының бақыты үшін жаратылған, ол біздің әрқайсымыз үшін өзінше қымбат».

 

Дереккөзі: Д. А. Қонаевтың «Сталиннен Горбачевке дейін» кітабының негізінде 

Иллюстратор: Асем Омарова, @assem.dreamer

Көбірек оқыңыз