Жаңа буын академиясы

ҚР ІІМ-нің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы өзін «жаңа буын академиясы» деп атайды, бұл дәрежеге олар толықтай сай келеді. Академияның қазіргі айналысатын ісі – бұл классикалық құқық қорғау қызметі, заманауи технологиялар мен ғылымның синтезі.

Академия өз алдына өте жоғары міндеттер қойып отыр: ішкі істер органдары үшін XXI ғасырдың кәсіби мамандарын дайындау. Олар заманауи және қажетті білім мен дағдыларды меңгеріп, қылмыспен ашық күресе білулері және оған жол бермей, қылмыстың алдын алулары керек. Қазіргі таңда курсанттан бастап, ІІМ орталық аппараты мен облыстық полиция департаментінің бірінші басшысына дейін осы Академияда білім алады.

2021 жылдан бері Академияда басқарушы құрамды дайындау факультеті (факультет №1) және орташа басқарушы құрамды дайындау факультеті (факультет №2) жұмыс істейді. Шабыттану көзі – жетекші елдердің әлемдік дағдылары мен алдыңғы қатарлы тәжірибесі. Мысалы, Ұлыбританияда, Германия мен Жапонияда күштік құрылымдардың басшылары жүйелі түрде басқарушылық, техникалық, байланыс қызметі дағдыларын үйреніп отырады.

Сонымен қатар, ІІМ Алматы академиясының тыңдармандары қаржылық және құқықтық құзыреттіліктерді, кризистік және HR-менеджментті, ораторлық шеберлікті үйренеді.

Академия тыңдармандары, сондай-ақ, штаттағы оқытушылардан басқа, қонаққа шақыртылған лекторлардан білім алады. Олардың арасында ІІМ және министрліктің орталық аппаратының басшылары, аймақтық полиция департаменттерінің басшылары, ІІБ қызмет желілері бойынша тәжірибелі қызметкерлері, басқа да құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері, Парламент депутаттары, ЕҚЫҰ сарапшылары, ТМД және Қазақстанның ЖОО-ның жетекші ғалымдары, ІІБ ардагерлері бар.

Оқудың соңғы сатысы – Қазақстан Ұлттық гвардиясының бөлімшелерімен бірге командалық-штабтық оқу-жаттығулары.

Құқық қорғау органдарына — заманауи технологиялар

№2 факультетте есірткі және киберқылмысқа, экстремизмге қарсы әрекет жасаушы кәсіби мамандар, сондай-ақ, идеологиялық және имидж жұмыстары бойынша мамандар біліктілігін жоғарылатады.

Академия заман талабына сай дамып келе жатыр. Оның мамандары «Мобильді академия» жобасын іске қосты. Осы жобаның аясында Академияның профессорлары мен оқытушылары облыстық полиция департаменттеріне тікелей барып, сол жақта жүзден астам ортаңғы және жоғарғы буын басшыларын жобалық басқару және сервистік амал-тәсілдердің дағдыларына үйретті. Киберқауіпсіздікпен байланысы бар қызметкерлер Академияның Киберзертханасында білім алады. Мекеме жастар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізеді. Ол үшін Академияда «Полициядағы бір күн» жобасы өткізіледі.

Тағы бір инновациялық жаңалық – қос диплом бағдарламасы. Бұл Alma U Университетімен ынтымақтастық қарым-қатынас туралы келісімге қол қойғаннан кейін жүзеге асты. Аталған бағдарлама бойынша ІІБ полициясының аймақтық бөлімшелерінің басшылық қызметінде кадрлық резервте тұрған қызметкерлер оқиды.

Курс аяқталғаннан кейін түлектерге екі ЖОО-ның жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім дипломы табысталады және мына екі дәреже тағайындалады:

– «Жобаларды басқару» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару магистрі;

– «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі.

Кәсіби дайындық факультеті (№4) бакалавриат және алғашқы кәсіби дайындық курстары бойынша ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлайды. Бұл IT-мамандары, криминалды полиция мамандары, ұйымдасқан қылмыс, экстремизм, есірткі бизнесі және киберқылмыстарға қарсы күрес бойынша мамандар.

Оқытудың маңызды қыры – полиция қызметкерлерінің жауынгерлік дайындығы. Академияда шынайы жағдайға ұқсас өткізілетін арнайы полициялық әдіс сабақтарына ерекше көңіл бөлінеді.

Профессорлар мен оқытушылар үнемі тағылымдамалардан өтіп отырады. Соңғы екі жылда тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру бойынша курстардан оқытушылардың 80 %-ы өтті. Академия ұжымы 100 % қамтумен ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификациялық тестілеуден өту кезінде қажетті деңгейден өтті.

Жай ғана Академия емес

2022 жылдан бері Академияда профессорлар мен оқытушылардың жұмысын KPI көрсеткіштері бойынша бағалау енгізілген.

Академия жыл сайын заманауи білім беру және кейстік технологиялар, сабақ оқытудың тиімді әдістемелері бойынша семинарлар мен тренингтер, сондай-ақ, жас оқытушыларға арналған педагогикалық шеберлік курстарын өткізеді.

Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы ІІМ-нің нормативті актілеріне білім беру қызметі саласында өзгертулер мен толықтырулар енгізетін тобының жұмыстарына қатысады. Кафедралар қызметкерлері орталықтармен бірлесе отырып, есірткіге салынуға қарсы, ақпараттық технологияларды қолданатын алаяқтыққа қарсы әрекеттерге арналған бейнероликтерді түсірді, оларды Алматы қаласының метрополитені мен еліміздің кинотеатрларынан көруге болады.

Академияның 15 қызметкері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында «Жобалық басқару» курсы бойынша оқып, сертификациялау шараларын сәтті тапсырып шықты.

Академияның жетістіктері мұнымен шектелмейді! Сонымен қатар, мұнда ақылы қызметтер де бар. Бұл ІІБ қызметкерлері үшін ғана емес, басқа да мемлекеттік орган қызметкерлеріне, жеке бизнес субъектілеріне арналған авторлық кейстер. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысындағы жалпы білім беретін мектептердің бірінде орын алған “белгілі бір жағдайлардан” кейін Академия қызметкерлері «Білім беру орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» атты авторлық кейс әзірлеп шығарды.

Ержан Бимолданов

ҚР ІІМ-нің М.Есболатов атындағы Алматы академиясы басшысының орынбасары 

Біз коллекциямызда Қазақстан тарихының ғасырларға жалғасқан жолын көрсететін белгілі және танымал карталарды жинауға тырыстық. Көптеген жылдар бұрын жасалған географиялық карталар біздің қазіргі қолданыстағылардан  әлдеқайда өзгеше. Ол кезде ғаламтор болған жоқ, демек, карта негізгі білім ошағы болып, онда барынша мол ақпарат жиналуы керек еді.

 

Ертеректе карталар қандай да бір елде орын алған процестердің мағынасын экономикасы, саяси құрылымы жағынан ашатын. Қазақстанның көптеген ескі карталарында біздің халқымыз көшпенді тұрмыс кешкендігі және біздің ата-бабаларымыз киіз үйде тұрғандығы көрсетілген.

Біздегі географиялық карталар галереясы толықтай ашық, ол біздің басшымыз Айдар Муталикович Сайтбековтың бастамасымен құрастырылған.

Академия құқықтық тәртіпті қорғау саласымен байланысты міндеттерді шешу бойынша жаңа тәсілдерді ұсынуда. Біздің алдымызға тұрған міндеттердің бірі – барынша ашық болу. Бұл – жаһандық міндет, оның ішіне тарихымызды әлемге таныту де кіреді. 2022 жылы бізге АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы кеңесшісінің көмекшісі келді, ол өздерінде Қазақстан тарихы бойынша деректер 1991 жылдан бері ғана жүргізіліп келе жатқанын айтты. Ал негізінде біздің мемлекеттігіміздің тарихы көптеген ғасырларды қамтитын тереңге кетеді, ол тіпті бірнеше еуропалық елдер мен АҚШ-тың өзінің тарихынан да ерте басталған.

 Академияның әр қызметкері осы карталарды әбден оқып зерттеді, ғимараттың екінші қабаты толықтай галереяға берілген. Әр картада QR-код бар, соның көмегімен карта туралы толық ақпаратты алуға болады. Қолжазбалардың бізде болуы және олардың қолжетімді екендігі – бұл талай жылғы ерен еңбектің нәтижесі. Айтпақшы, жоғарыда айтып өткендей, ерте замандағы карталардың қазіргілерден айтарлықтай өзгешелігі бар. Олардың әрқайсысы (жұмысының күрделігіне және қағаздың жетіспеушілігіне байланысты) ерекше тарихи құжат болып саналған.

Көбірек оқыңыз