Жанның ұшу күйі

  Эдгар Новопашин – өз уақытында жарты әлемді байкамен аралаған дипломы бар психолог және танымал коуч.

Бүгінгі күні Эдгар жеке тұлға ретінде өсу жөніндегі тренингтерді өткізеді, олар тек Ресейде ғана емес, сонымен қатар көршілес елдерде де өте танымал.

Біздің елден қандай әсер алдыңыз?

– Мен Қазақстанға тек тамаша ұлттық тағамдар үшін ғана емес, әрқашан үлкен ықыласпен келемін. 

Сіздің елдің халқы керемет энергияға ие – өте жылы және қарым-қатынаста сыпайы, сондықтан осында қайта-қайта оралғың келеді. Сол себепті Лондондағы кез келген қазақ мейрамханасы көшпенділердің тарихи отанында достық қарым-қатынаста болуды алмастыра алмайды.

– Көшпенділер жайлы қандай мәлімет білесіздер? Біздің білуімізше, сізде бір кездері сүйікті темір тұлпарыңызбен ондаған мың шақырым жүруге мүмкіндік болған ...

– Мен көп жылдар бойы байкер болдым, сондықтан әлемнің көп жерін араладым. Артқы жағында үлкен әріппен nomad деген жазуы бар жеңсіз күртешем есімде. Мотордың гүрілі, құлаққа соққан жел... Көлікпен салыстырғанда байкамен жүру мүлде басқа сезім тудырады. Мен өзімді толығымен баурап алатын еркіндік сезімін, сонымен қатар тек медитация үрдісімен салыстыруға болатын сезімдерді жақсы түсінемін. Сіз жоғары жылдамдықты байкамен жол бойында ұшып келесізалдыңызда белгісіз тұңғиық. Мен мұндай күйді жанның ұшуымен салыстырар едім, ол күйді ештеңемен салыстыруға келмейді.

Сол кезде мен осыдан көп ғасырлар бұрын өмір сүрген көшпенділерді жақсы түсіндім... Сондай сәтте мен навигаторды жиі қолданбайтынмын, оны өшіріп тастадым. Өйткені бұл менің ішкі дүниемнің қалауы болды – мен өзімді айналадағы табиғаттың, тамаша пейзаждардың бір бөлшегі сияқты сезіндім.

 

Фотограф: Айдын Ахмет, @aidyn_ahmet

Көбірек оқыңыз