«Жылу жинау» дәстүрі

Қазақ халқының бірлігі мен ынтымағын көрсететін ерекше дәстүр – "жылу жинау". Ол табиғи апаттардан немесе қиын жағдайға түскен адамдарға көмек көрсету үшін ұйымдастырылады. Бұл дәстүр қазақ халқының жанашырлық, туысқандық және қамқорлық секілді құндылықтарын айқындайды.

"Жылу жинау" тек материалдық көмек емес, сонымен қатар рухани қолдау. Аталған дәстүр негізінде адамдар туыстарымен ғана емес, бүкіл ауылдастарымен, тіпті қала тұрғындарымен бірігіп, қиындықты бірге еңсереді. Бұл дәстүр елдің бірлігін нығайтып, қазақтың адамгершілік құндылықтарын сақтауға негіз болады.

Қазақ халқының "жылу жинау" дәстүрі тарихи тұрғыдан да маңызды орын алады. Тәуке ханның тұсында қабылданған «Жеті жарғы» заңында бұл дәстүр арнайы ережелермен бекітілген. Аталған заңда, табиғат апатынан немесе басқа да қиын жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ел ағалары мен қоғам қайраткерлері ұйымдастырушы рөлін атқарған. Бұл уақыттағы қоғам үшін "жылу жинау" – халықтың бірлігін сақтап, өзара көмек көрсету арқылы қиын-қыстау жағдайларда бірге болуды білдірді. 

Сонымен қатар, "жылу жинау" дәстүрі қазақ халқының адамгершілік және ұлттық дәстүрлерінің көрінісі ретінде қалыптасты. Оған қатысу ешқашан міндет ретінде емес, ерікті түрде, адамгершілік парыз ретінде қарастырылды. Бұл жағдай, әсіресе, табиғат апатынан немесе басқа да қиыншылықтарға ұшыраған адамдарға көмек көрсету кезінде айқын көрініс тапты.

"Жылу жинау" процесі белгілі бір тәртіппен жүреді. Көбінесе ауылдастар немесе көршілер мұндай жағдайларда бір-біріне көмек көрсету үшін бірігеді. Қандай да бір адам немесе ел ағасы жағдайды бақылап, көмек көрсету қажеттілігі туралы хабарлайды. Бұл көмек ешқашан материалдық жағынан ғана шектелмейді, сонымен қатар моральдық қолдау да көрсетіледі. Адамдар өздерінің мүмкіндіктеріне қарай мал, мүлік, азық-түлік немесе ақшалай көмек көрсетеді. 

Алайда, қазақ қоғамында "жылу жинау" тек ақ жолмен, адал еңбегінен айырылғандар мен табиғат апатына ұшырағандарға ғана беріледі. Өз ісін арамдықпен жасап, шығынға ұшырағандар немесе қоғамға зиян келтіргендерге "жылу жинау" жүзеге аспайды. Мұндай адамдардың жағдайы заң бойынша да қарастырылып, оларды қолдау қоғам үшін тиімсіз әрі әділетсіз болып саналады.

Көбірек оқыңыз