"100 жылдық мұра, шеберлік және итальяндық құштарлық"атты DAMIANI зергерлік үйінің фото көрмесі

  Әбілхан Қастеев Мемлекеттік өнер мұражайында "100 жылдық мұра, шеберлік және итальяндық құштарлық"атты DAMIANI зергерлік үйінің фото көрмесі қойылды.

  Ұйымдастырылған көрме аясында келуші қонақтар брендтің негізі қаланғаннан бастап қазіргі заманға дейінгі тарихы мен дамуын бақылай алады. Сондай-ақ DAMIANI-дің мәдени мұрасы мен шығармашылық жолын бейнелейтін бірегей фотосуреттердің атмосферасына еніп, адамдарды қолөнер шеберлігімен және бай тарихымен шабыттандырады және қуантады.


Аталған экспозиция 2024 жылдың 3 маусымына дейін жалғасады.
  Экспозиция ұйымдастырушылары зергерлік өнердің жақұты болған көркем бұйымдар өз брендін құруға ұмтылатындардың ғана емес, барша өнерді бағалай білетін адамдардың жолында жаңа серпініс, дем, жігер болатынына нық сенеді. 

Көбірек оқыңыз