15 миллионнан астам шетелдік турист Қазақстанды таңдады

2024 жылы Қазақстанға 15,1 миллионнан астам шетелдік турист келген. Бұл туралы ҚР Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Оның айтуынша, ел ішінде де саяхаттаушылар саны артқан — 10 миллионнан астам қазақстандық ішкі туризмге белсенді қатысқан.

Министрдің айтуынша, Қазақстан соңғы жылдары шетелдік туристер үшін барынша ашық бола түсті. Қазіргі таңда еліміз 87 мемлекетпен визасыз режим орнатса, тағы 107 елдің азаматтарына электрондық виза рәсімдеу мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, авиамаршруттар желісі де кеңейіп келеді. Былтыр 22 жаңа бағыт ашылса, 2025 жылға дейін тағы 32 рейс іске қосу жоспарланып отыр.

туризм
Көбірек оқыңыз