15 қараша – ұлттық валюта күні

15 қараша күні Қазақстанда ұлттық валюта күні атап өтіледі, сонымен қатар бұл күн қаржы саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып табылады.

1993 жылы 12 қарашада Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" жарлыққа қол қойды. Ал 15 қарашадан бастап теңге елдегі жаңа есептік бірлікке айналды.

Алғашқы банкноттарды Англиядағы «Harrison&Sons» фирмасы  басып шығарды. Олар Қазақстанға ұшақтармен жеткізілді - бір апта ішінде 18 рейс орындалған. Бүгінгі таңда жинақталған көп жылдық тәжірибенің арқасында банкноттарды әлемдік сапа мен стандарттарға сәйкес келетін Алматыдағы Банкнот фабрикасында шығару толық жолға қойылған.

Республиканың қалыптасқан дағдарыстық жағдайдан шығуы үшін және экономика дамуының жаңа кезеңіне өтуі үшін меншікті ұлттық валютаны енгізу туралы шешім маңызды ұйғарым болды. Ұлттық валюта атауын таңдау  біраз дау тудырған еді, "алтын", "ақша", "таньга" нұсқалары да ұсынылған болатын. Қазақстандық валютаны "сом" деп атау жоспарланған болатын – кеңес рублі кеңестік банкноттарды қазақ тіліне аударылғанда осылай белгіленген болатын. Алайда, 1993 жылы Қырғызстанда сом енгізілгеннен кейін, бұл шешім күшін жойып, "теңге" атауы бекітілді. Бұл ортағасырлық түркі күміс монеталарының "денге" немесе "танга" тарихи атауы. Бұл атауды академик Сауық Такежанов ұсынған еді.

Теңге дизайнын дайындау Тимур Сүлейменов жетекшілік еткен, құрамында Мендыбай Алин, Досбол Қасымов және Ағымсалы Дүзелханов сынды дизайнерлер  бар  ұжымға тапсырылды.

Қазақстан банкноттары Халықаралық көрмелер мен конкурстарда жоғары бағаланған. Халықаралық банкнот қауымдастығы (IBNS)  – бұл жыл сайын интернет-дауыс беру арқылы жылдың ең жақсы банкноттарын таңдайтын әлемнің түкпір-түкпірінен банкнот жинаушылардың тәуелсіз бірлестігі. 90-нан астам елдің сарапшылары қауымдастық мүшелері болып табылады. 2007 жылы Халықаралық валюта қауымдастығы (IACA) номиналы 10 мың теңгелік банкнотты әлемдегі ең үздік банкнот деп таңдады. 2016 жылы High Security Printing Europe конференциясында 20 мың теңгелік банкнот та марапатқа ие болды. Ол 2015 жылдың үздік аймақтық банкноты деп танылды. Дәл сол жылы IACA оны валюта индустриясындағы ең жақсы техникалық жетістіктері үшін де атап өтті. Бұдан басқа, 2000 жылдан бастап Қазақстан Теңге сарайы мен Ұлттық банк жыл сайын халықаралық конкурстарға қатысып, дайындау сапасы, дизайн және технологияның жаңашылдығы бойынша түрлі номинацияларда 23 марапатқа ие болды.

 

Авторы: Мөлдір Адамжан

Фото: ашық дерек көздерінен

Көбірек оқыңыз