2000-шы жылдардағы Қазақстан футбол құрамасының аңыз құрамы мен "Реалдың" экс-ойыншысы Super Bol жобасының мүшелеріне қарсы алаңға шықпақ

2006-2008 жылдардағы Қазақстан құрамасы  Super Bol әлеуметтік-футбол жобасының ойыншыларына қарсы Алматының Орталық стадионының алаңына шықпақ.

97f05b3a96bc21b6625f5eb58bc637f9jpg 

Жобаның финалдық кастингінің жеңімпаздары қазір Талғардағы ұлттық құрама базасында дайындық үстінде. Олар апта сайын бақылау матчтарын өткізуде. Ал алда спортшыларды қазақстандық ардагерлерге қарсы басты матч күтіп тұр. Бұл ойынға екі мыңыншы жылдардың атақты ойыншылары ғана емес (Давид Лория, Руслан Балтиев, Нұрбол Жұмасқалиев және басқалары), мадридтік "Реалдың" және Аргентина құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Эстебан Камбьяссо да қатысады. Ардагерлер командасын Қазақстанның ұлттық құрамасымен бірге жұмыс істеген голландиялық Арно Пайперс  жаттықтыруда.

Ойын 7 тамызда өтеді. Бастапқы ысқырық 20:00-де естіледі.

 

Автор: Мөлдір Адамжан 

Сурет: баспасөз қызметі мұрағатынан

Көбірек оқыңыз