2024 жыл: Қазақстандағы жасыл энергетика саласындағы жетістіктер

2024 жылы Қазақстан жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласында маңызды жетістіктерге жетті. Үш жаңа ЖЭК нысаны іске қосылып, жалпы қуаты 34,75 МВт болды. Ал жылдың соңына дейін тағы бес нысанның құрылысы аяқталып  128,4 МВт қуат қосылады.  

Қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы қуаты 2903,7 МВт болатын 148 ЖЭК нысаны жұмыс істеп тұр. Бұл энергия жүйесін нығайтып қана қоймай, 1809 жаңа жұмыс орнын да ашты.  

Жылдың басты жобаларының бірі — Жамбыл облысында 1 ГВт қуаттылығы бар жел электр станциясын салу туралы Masdar компаниясымен келісімге қол қою және Қытаймен 1,8 ГВт қуаттылығы бар ЖЭК жобалары бойынша үкіметаралық келісімге қол қою.  

Сонымен қатар, халық арасында ЖЭК нысандарын орнатуды ынталандыратын заң қабылданып, күн панельдерін және басқа да энергия үнемдеуші технологияларды орнатуды жеңілдетеді.  

Қазақстан Орталық Азияда жасыл энергетика саласында көшбасшылық позициясын нығайтып, экологиялық таза энергия мен көміртегі ізін азайтуға бағытталған тұрақты даму жолын жалғастыруда.

Көбірек оқыңыз