2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл
Еуропа одағының климат өзгерісін бақылайтын «Коперник» қызметі 2024 жылдың тарихтағы ең ыстық жыл екенін мәлімдеді. Зерттеушілердің айтуынша, ғаламдық жылыну қарқыны алғаш рет Париж келісімінде белгіленген деңгейден асып кеткен.
Орталық ғалымдары 1940 жылдан бері зерттеу жүргізіп келеді, бұл жылы олар климаттың өзгеруі туралы алаңдататын жаңа деректерді ұсынды. Зерттеулерге сәйкес, келер жылдың алғашқы айларында да ыстық ауа-райы сақталуы мүмкін.
Ғаламдық жылынудың негізгі себептері ретінде мұнай, көмір және табиғи газды үздіксіз жағу әрекеттері аталып отыр.