2025 жылы бокстан әлем кубогының екінші кезеңі Қазақстанда өтеді
World Boxing ұйымы 2025 жылғы ресми жарыс күнтізбесін жариялады. Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, бірнеше кезеңнен тұратын әлем кубогының нақты өткізу мерзімдері белгілі болды. Екінші кезең 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда ұйымдастырылады.
"Бокстан әлем кубогы – ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы. Биыл жыл бойы үш кезең өткізіліп, қараша айында финалдық бәсеке өтеді", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 2025 жылдың әлем чемпионаты ересектер арасында 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияда өтеді деп жоспарланып отыр.