26 маусым - азаптау құрбандарын халықаралық қолдау күні
1997 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 26 маусымды БҰҰ-ның азаптау құрбандарын халықаралық қолдау күні деп жариялады.
2008 жылдан бері азаптауға қарсы қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар коалициясы жыл сайын азаптау туралы 200-250 шағымды тіркейді. Шағымдарды дереу тіркеуді талап ететін жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2015 жылы күшіне енген кезде олардың саны жылына 600-ге дейін өсті.
Қантар оқиғасынан кейін екі жылда бес мыңнан астам қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы. Алайда, олардың жүздегені «қылмыс белгілері болмағандықтан» жабылды.
Естеріңізге саламыз, өткен жылы Қылмыстық кодекстің 146-бабына қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын әрекеттер үшін жауапкершілікті қарастыратын өзгертулер енгізілген болатын.
Қылмыстық кодекстің 146-бабына қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын әрекеттер үшін жауапкершілікті қарастыратын мынадай өзгертулер қосылды:
- Азаптау үшін жаза бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімін 12 жылға дейін ұлғайту арқылы күшейтілді.
- Қазіргі уақытта азаптау үшін сотталғандар үшін пробация қарастырылмаған. Бұл адамдарға амнистия мен ескіру мерзімі қолданылмайды.
- Жәбірленушімен татуласуы оларды қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды.
- Азаптау құрбанының заңгерлік көмек алу және әлеуметтік, медициналық және психологиялық қызметтерге қол жеткізу құқығына кепілдік беріледі.Осы мақсатта еліміздің барлық өңірлерінде арнайы орталықтар жұмыс істейді.
- Зардап шеккендерге өтемақы қоры бар. Азаптау, адам саудасы және басқа да қылмыстардың құрбандарына, соның ішінде танылған құрбандарға өтемақы төленетін болады.
- Ішкі істер министрінің бұйрығымен азаматтарды негізсіз тұтқындау, жеткізу және ұстау, сондай-ақ азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттер үшін басшылардың жеке жауапкершілігі белгіленген.