54 жастағы қазақстандық мұғалім әлем чемпионы атанды

Каирде өткен ауыр атлетикадан ашық әлем чемпионатында Астанадағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Тұрғанбайқызы Ержанова екі алтын медаль жеңіп алып, Қазақстанның туын көкке көтерді.

 

20-ға жуық елден келген спортшылардың арасынан 54 жастағы ұстаз 100 кг зілтемірді көтеріп, рекорд жаңартты.

«Мені алғашында қытайлық деп ойлады. Алайда рекордтық нәтиже көрсеткенімде, Қазақстаннан екенімді біліп, ерекше құрмет көрсетті. Адам өз мүмкіндіктерін кез келген жаста аша алады», – дейді чемпион.

Мемлекет басшысы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын табыстаған Айгүл Тұрғанбайқызы енді Африкадағы жарысқа қатысуға дайындалуда.

спорт жаңалықтар Қазақстан
Көбірек оқыңыз