АЭС құрылысы бойынша сауалнама нәтижелері жарияланды
2024 жылғы 7-18 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан, оның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді.
Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің 53,1%-ы 2030 жылға қарай электр энергиясының тапшылығы мәселесінің ықтимал шешімімен байланыстыра отырып, атом электр станциясын (АЭС) салу идеясын қолдайтынын көрсетті. Дегенмен, респонденттердің 32,5%-ы ықтимал апаттар мен олардың қоршаған ортаға тигізетін салдары туралы алаңдаушылықпен құрылысқа қарсы. Сауалнамаға қатысушылардың 14,4%-ға жуығы өз пікірін әлі шешкен жоқ.
Сондай-ақ респонденттердің жартысы (51,0%) атом электр станциясын салу бойынша референдумда дауыс беру үшін жеткілікті ақпаратқа ие деп есептейді. 12,2%-ы жартылай ақпарат барын мойындады, 31,6%-ы толық ақпараты жоқ, 5,2%-ы жауап беруге қиналады. Бұл ретте респонденттердің 42,6%-ы референдум өтетін болса, оған қатысуға дайын екенін, 16,4%-ы қатысқанды жөн санайтынын білдірді. Ал 25,3% референдумға қатысуды жоспарламайды, 8,9% бармағанды жөн санаса, 6,8% жауап беруге қиналған.
Естеріңізге сала кетейік Астанада АЭС құрылысына қатысты қоғамдық талқылаулар аяқталды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Ерлан Батырбеков бұған дейін атом электр станцияларының артықшылықтары мен олардың еліміздің қоршаған ортаға және адам ресурстарына тигізетін әсерін түсіндірген болатын.