Алаш қайраткерінің кітабы 99 жылдан кейін ана тілімізде басылды

Қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері, ағартушы-ғалым Мұхаметжан Тынышбаевтың «Қазақ халқының тарихы» еңбегі 99 жылдан кейін қазақ тілінде қайта басылып шықты. 1925 жылы орыс тілінде жарық көрген бұл туындыда қазақ халқының шығу тарихы жан-жақты әрі көркем баяндалған. Кітапта қазақтың ру-тайпалары мен олардың тарихы тереңінен сипатталып, шежіре қосымша кестемен берілген.

Тұсаукесері өткен кітап мың жарым данамен басылып шықты. Бұл еңбектің қазақ тілінде жарық көруі – қазақ тарихын зерттеуде маңызды оқиға болып табылады. Мұхаметжан Тынышбаевтың «Қазақ халқының тарихы» кітабы қазақ халқының өткенін танып-білуге, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Көбірек оқыңыз