Әлем елдерінің алтын қоры бойынша жаңа рейтинг жарияланды

Frank Media агенттігі 2025 жылғы маусым айындағы әлем елдерінің алтын қоры бойынша жаңартылған рейтингін ұсынды. Көш басында әдеттегідей – АҚШ. Елдің алтын қоры 8,1 мың тоннаға жетіп, бұл көрсеткіш бойынша әлемде бірінші орынды сақтап қалды. Оның 4,6 мың тоннасы Кентукки штатындағы әйгілі Форт-Нокс қоймасында сақталады.

Екінші орында – Германия. Елдің қоры 3,35 мың тонна деп бағаланғанымен, соңғы жылдары Берлин алтынның бір бөлігін сата бастаған. Нәтижесінде, қор шамамен 100 тоннаға азайған.

Үздік үштікті Италия қорытындылайды – елдің резервінде 2,45 мың тонна алтын бар. Одан кейінгі орында – Франция (2,43 мың тонна). Бұл көрсеткіш 2009 жылдан бері өзгермеген.

Қытай 2,43 мың тонна қорымен бесінші орынға жайғасқан. Ресей алтын көлемі жағынан алтыншы орында тұр. Елдің нақты қоры ресми жарияланбағанымен, Bloomberg мәліметіне сүйенсек, Ресейдің резервінде 2,33 мың тонна алтын бар.

Үздік ондыққа енген өзге елдер:

  • Швейцария – 1,04 мың тонна

  • Үндістан – 880 тонна

  • Жапония – 845,97 тонна

  • Түркия – 623,92 тонна

әлем
Көбірек оқыңыз