Алматы әлемдегі ең қымбат қалалардың тізімінде 

Numbeo сараптамалық агенттігі жасаған әлемдегі ең қымбат қалалар рейтингінде Алматы 218 қаланың ішінде 164-орынға тұрақтады.

Рейтинг әлемнің әртүрлі қалаларының өмір сүру деңгейі мен тұрғын үйді жалға алу құны, азық-түлік құны және басқа да көрсеткіштер сияқты критерийлер негізінде анықталды. Үздік үштікке Женева, Цюрих және Нью-Йорк кірді, олардың ішінде АҚШ-тың 12 қаласы өмір сүру деңгейі бойынша ең қымбат 20 қаланың қатарына енді.
Алғашқы топ 20-ға АҚШ-тың 12 қаласы кірді. Сондай-ақ Лондон 13-орынға, ал Сингапур 18-орынға жайғасты.
Азия, Кавказ және Орталық Азия қалаларының арасында Алматы 58 қаланың ішінен 32-орынға тұрақтады.  Ал Астана 36-орында. Numbeo әлемдегі қалалардың өмір сүру құны мен жайлылық деңгейіне әсер ететін әртүрлі аспектілерді ескере отырып, жыл сайын рейтингтерін жаңартады.

Көбірек оқыңыз