Алматы әлемнің үздік 100 қаласының қатарына енді

Бұл туралы, мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында  хабарлады.

 

 

«Studee британдық консалтинг компаниясының дерегінше, Алматы студенттерге арналған әлемдегі ең үздік 100 қаланың бірі атанды. Өмір сүру, тұрғын үйді жалға алу құны, интернет жылдамдығы, халықаралық рейтингке енетін жоғары оқу орындар саны сынды критерийлер бойынша Алматы 76-шы орында», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Деректерді талдау барысында Studee компаниясының зерттеушілері қалада тұратын 15 пен 24 жасқа дейінгі жастардың жалпы санын, тамақ өнімдерінің сапасын, сондай-ақ қауіпсіздік пен сөз бостандығы деңгейін ескерді.

Токио, Мельбурн, Сеул, Квебек және Аделаида сияқты қалалар халықаралық рейтингтің көшбасшысылығында. Бұл ретте, Алматы Варшаваны басып озып, Нью-Йорктен кейінгі орынды иеленді.

Айта кетерлігі, Мәскеу бұл рейтингте 84-ші орынға, ал Петербург 98-ші орынға жайғасты.

 

Автор: Мөлдір Адамжан 

Фото: ашық дерек көздерінен

Көбірек оқыңыз