Алматы облысында Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш-бюст ашылды

Алматы облысы, Кеген ауылының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст салтанатты түрде ашылды. Бұл шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.

Салтанатты шарада Заманбек Нұрқаділовтің елдің өркендеуіне сіңірген еңбегі мен өмірлік қағидаттары ерекше құрметпен еске алынды. Сонымен қатар, Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді. Бұл қадам жас ұрпаққа қайраткердің мұрасын таныту және патриоттық тәрбиені нығайту мақсатында қолға алынған.

Салтанатты рәсім барысында қатысушыларға Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызмет жолын баяндайтын «Не только о себе» атты кітаптың 300 данасы таратылды. Бұл кітапта қайраткердің өмір жолы мен елге сіңірген еңбегі жан-жақты баяндалған.

 

Көбірек оқыңыз