Алматы облысының ТЖД таудағы қар көшкіні қаупі туралы ескертті

23-26 желтоқсан аралығында Алматы облысының тауларында күннің жылынуы мен қатты жауын-шашынның әсерінен қар көшкінінің жоғары қаупі күтіледі, деп хабарлайды өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті.

Тұрғындар мен туристерге осы күндері тауға барудан және қарлы беткейлерде сырғанаудан бас тартуға кеңес беріледі.

«ТЖД барлық азаматтарды, туристер мен демалушыларды қарлы беткейлерге шықпауға, қар көшкінін тудырмауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады», – делінген хабарламада.

Ең қауіпті аймақтар – Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарының таулы аумақтары. Бұл жерде Іле Алатауы жотасының оңтүстік беткейлерінде 55 қар көшкіні қаупі бар учаске орналасқан.

Көбірек оқыңыз