Алматы қала-бақ мәртебесін қайта жаңғыртуда
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, «Жасыл Алматы» бағдарламасы аясында 2030 жылға дейін 2,5 млн ағаш пен бұта отырғызу жоспарланған. Тек 2024 жылы 224 мың жасыл желек отырғызылып, жыл соңына дейін тағы 96 мың ағаш отырғызылмақ.
Автосуаруға арналған жүйелердің 500 шақырымы орнатылды, ал 2025 жылға дейін тағы 290 шақырым қосылады.
Қалада алма ағаш аллеялары мен өзге де жасыл желектер отырғызу бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар экологияны жақсартып, қала тұрғындары үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.