Алматы қаласы музейінің «Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» көрмесі Мажарстанда өтеді
2024 жылдың 3 қазанында Карцаг қаласындағы «Карчаг Кинче» өнер музейінде көрме ашылады. Бұл іс-шара Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Көрме 3 қазаннан 20 қарашаға дейін жалғасады.
Экспозиция Алматы қаласы музейлер бірлестігі қорынан 220-дан астам экспонаттан тұрады. Көрмеде қазақ халқының тұрмысын, салт-дәстүрін, қолданбалы өнерін көрсететін жәдігерлер мен фотосуреттер қойылады. Көрме Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуды мақсат етеді.
Бұл іс-шара екі ел арасындағы достықты әрі мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Алматы қаласы музейлер бірлестігі халықаралық көрмелер өткізу бойынша үлкен тәжірибеге ие.