Алматы зообағында теңбіл бұғы төлдеді

Алматы хайуанаттар бағында екі жаңа бұғы дүниеге келді. Хайуанаттар бағы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жаңа туылған жануарлардың әсерлі видеосымен бөлісті.

“Бұғылар өздерінің айналасындағы әлемді белсенді түрде зерттеп жатыр! Біздің хайуанаттар бағына келіп, олармен дос болыңыздар”,- деп жазады Хайуанаттар бағының қызметкерлері. 

Алматы хайуанаттар бағында соңғы жарты жылда кенгуру, лемур, маймыл, аю және алуан түрлі құстардың 70-ке жуық түрлі тұқымды сәбилері дүниеге келген. Ал 2023 жылы 25 түрлі жануардан 80 төл алынған.

Көбірек оқыңыз