Алматыда 1 желтоқсаннан бастап 12 тегін мұз айдыны ашылады
1 желтоқсаннан бастап алматылықтар мен қала қонақтары үшін 12 тегін мұз айдыны жұмыс істей бастайды. Бұл қысқы демалысты көңілді әрі белсенді өткізуге таптырмас мүмкіндік. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұз айдындары орналасатын орындар:
- Абай алаңы (Республика Сарайы алдында).
- Halyk Arena.
- 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы.
- Тұңғыш Президент саябағы.
- Наурызбай аудандық әкімдігі алдындағы алаң.
- ҚБТУ автотұрағы.
- «Авиатор» стадионы.
- Көкжиек ықшамауданы.
- «Гүлдер» саябағы.
- Almaty Arena.
- №6 оқушылар үйі.
- Мүсірепов атындағы ТЮЗ алдында.
Келушілер үшін жағдайлар
Әр мұз айдынының ауданы 500-ден 1 900 шаршы метрге дейін. Ұйымдастырушылар бір маусымда 300 мыңнан астам келуші қабылдауды жоспарлап отыр.
Мұз айдындарына іргелес конькилерді жалға беру пункттері жұмыс істейді. Коньки жалдау құны – екі сағат үшін 1 500 теңге. Ал өз конькиіңізбен келсеңіз, сырғанау тегін.
Жұмыс кестесі
Мұз айдындары күн сайын жұмыс істейді:
- Дүйсенбіден жұмаға дейін: 10:00-ден 22:00-ге дейін.
- Демалыс күндері: 10:00-ден 23:00-ге дейін.