Алматыда әлемнің 7 елінен жетекші неонатологтар бас қосты
Алматыда 25-26 қыркүйек күндері өтіп жатқан ғылыми-практикалық конференцияға АҚШ, Франция, Швеция, Литва, Өзбекстан, Қырғызстан және Польша елдерінен келген неонатологтар қатысуда. Бұл шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр және оның басты мақсаты – жаңа туған және шала туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ неонаталдық өлім-жітімді азайту.
Конференция барысында әлемнің жетекші мамандары неонатологиядағы өзекті мәселелерді талқылап, жаңа туған нәрестелерді алғашқы сағаттарда реанимациялау, шала туған нәрестелерге арналған арнайы тамақтану, респираторлық қолдау әдістері және инфекцияларға қарсы күрес бойынша озық тәжірибелерімен бөліседі.