Алматыда Аруан Анартайдың «Joqtau» фильмінің жабық көрсетілімі өтеді
6 тамыз күні Алматы қаласындағы «Достық Плаза» сауда орталығындағы CINEMAX кинотеатрының 4-залында режиссер Аруан Анартайдың алғашқы толықметражды көркем фильмі – «Joqtau» туындысының жабық көрсетілімі өтеді.
Философиялық роуд-муви жанрындағы бұл фильмде адамның түп-тамырына оралуы, отбасылық байланыстар мен ішкі рухани ізденісі бейнеленеді. Картинаны түсіруге Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қолдау көрсеткен.
Көрсетілімге фильмнің авторы әрі режиссері Аруан Анартай, Сараптама кеңесінің мүшесі, продюсер Әлия Меңдығожина, сондай-ақ шығармашылық топ мүшелері қатысады.
«Joqtau» — режиссердің кино саласындағы алғашқы толықметражды жұмысы. Жобаның идеясы мен орындалу стилі қазіргі қазақ авторлық киносының философиялық бағытын айқындай түседі.