Алматыда бәйгеден Қазақстан чемпионатының финалы өтті

Алматы қаласының ипподромында Қазақстан Республикасының «Бәйге Федерациясы»  ұйымдастырған Бәйгеден Қазақстан Чемпионаты - OLIMPBET финалы өтті.

Финалға еліміздің бірнеше өңірінен 160 астам тұлпар қатысып, жалпы жүлде қоры 82 500 000 теңгені құрады. Жарыс бәйгенің 7 түрі: құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге, жорға жарыс, Қазақстанда туылған құнандар бәйгесі, ұлы аламан және екі жасар тұлпарлар арасындағы ұшқыр бәйге бойынша өтті. Ал, Қазақстанның түкпір - түкпірінде өткен іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары осы финалда — құнан бәйге, топ бәйге және аламан бәйгеден сайысқа түсті. Чемпионатта Федерация амбассадоры — Асылбек Еңсепов пен арнайы шақырылған қонақтар — Медеу Арынбаев пен Әзімбек Байлин секілді жарық жұлдыздар өнер көрсетіп, шабандоздарға қолдау білдірді.

 

«Ат спорты, оның ішінде бәйге — біздің халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі.  Бәйге біздің қанымызда. Бұл тек спорт түрі ғана емес, ерекше мәдениет пен өнердің, біздің ұлы ата-бабаларымыздың мұрасы. Біздің міндетіміз – ұлттық спортты дамыту және насихаттау», - деп, Республикалық қоғамдық бірлестік “Бәйге Федерациясының» президенті Қанат Көпбаев пікір білдірді.

 

Жарыс нәтижелеріне келер болсақ:

«Ұшқыр бәйге» 1 600 метр:

1-орын Күрішбек Д. — «Орасан Зор» есімді тұлпары;

2-орын Табылдиев Р.  — «Бекзада» есімді тұлпары;

3-орын Алпысбай Р.  — «Рианна Скай» есімді тұлпары;

 

«Құнан бәйге» 11 шақырым:

1-орын Арнат Мұратхан — «Зымыран» есімді тұлпары;

2-орын Ділнұр Нұрмұқаш  — «Мамлюк» есімді тұлпары;

3-орын Асланбек Абдықал — «Жезқара» есімді тұлпары;

4-орын Айбат Даниярұлы — «Батыр» есімді тұлпары;

 

«Жорға жарыс» 9 шақырым:

1-орын Мүслімұлы Мақсат — «Банзай» есімді тұлпары;

2-орын Еркебұлан Берікболатов  — «Анашид» есімді тұлпары;

3-орын Рольман Анатолий  — «Мырза-торы» есімді тұлпары;

 

«Қазақстанда туған құнандар бәйгесі» 11 шақырым:

1-орын Арнат Мұратхан — «Жұлдызай» есімді тұлпары;

2-орын Абзал Тұрмыс  — «Бейбарыс» есімді тұлпары;

3-орын Айсұлтан Миразат — «Жанетта» есімді тұлпары;

4-орын ​​Қуат Әділқас — «Маржан» есімді тұлпары;

 

«Топ бәйге» 18 шақырым:

1-орын Абзал Тұрмыс — «Тұмар» есімді тұлпары;

2-орын Нұрали Айтқабыл— «Ақтанау» есімді тұлпары;

3-орын Асылжан Төлеген — «Балхаш» есімді тұлпары;

4-орын Олжас Мейржанұлы — «Нарқасқа» есімді тұлпары;

5-орын Қуанышбек Төлендиев — «Алғабас» есімді тұлпары;

 

 «Аламан бәйге» 25 шақырым:

1-орын Әлішер Тілек — «Секрет» есімді тұлпары;

2-орын Амирхан Торебеков — «Студ Мэн» есімді тұлпары;

3-орын Алдияр Ердосұлы — «Алғыр» есімді тұлпары;

4-орын Мұратхан Арнат — «Бәйтерек» есімді тұлпары;

5-орын Нұрәлі Айтқабыл — «Томирис» есімді тұлпары;

 

«Ұлы аламан бәйге» 35 шақырым:

1-орын Абдыкал Асланбек — «Шағала» есімді тұлпары;

2-орын Абзал Тұрғанбек — «Айсуат» есімді тұлпары;

3-орын Исламнұр Ертөс — «Ақжүрек» есімді тұлпары;

4-орын Алдаберген Алмаз — «Талисман» есімді тұлпары;

5-орын Бақжан Айдаралы — «Сарыарқа» есімді тұлпары.

Айта кетейік, жарыс ұйымдастырушылары 4-ші және 5-ші орын алған шабандоздарды да ақшалай сыйлықпен марапаттады. Еліміздің үздік спортшылары ат спортының барлық жанкүйерлеріне бәсекелестік рух пен адал күрес атмосферасын көрсетті. Көрермендерге арнап жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрайтын "Ұлттық киім - ұлт ажары" ұлттық костюмдер байқауы мен жалпы сомасы 3 000 000 теңгені құрайтын OLIMPBET атынан сыйлықтардың ұтыс ойыны өтті.

"Ұлттық киім - ұлт ажары" ұлттық костюмдер байқауының жеңімпаздары:

1-орын Бақытгүл Пардаева;

2-орын Айжан Серікбай;

3-орын Расул Социал;

4-орын Арайлым Сулемен.

 

Көбірек оқыңыз