Алматыда цирк өнерінің халықаралық фестивалі өтеді

Алматыда шілденің 24-і мен 28-і аралығында II Халықаралық цирк өнерінің фестивалі ALMATY CIRCU FESTIVAL өтеді. 

Шараға әлемнің 18 елінен түрлі әртістер қатысады.

Қонақтар арқанмен серуендеушілердің, акробаттардың, трапецияшылардың және жонглерлердің өнерін тамашалап, әлемге әйгілі сайқымазақтардың қойылымдарын көре  алады. 

Билет құны 2000-6000 тенге аралығындағы бағаны құрайды. 

Фестиваль жеңімпаздары мен финалистері шарадан кейін бір ай бойы әр демалыс сайын сағат 16:00-де Қазақ мемлекеттік циркінде өнер көрсетеді. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл шара Алматыда биыл екінші рет өткелі жатыр.

Көбірек оқыңыз