Алматыда дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді

3–6 шілде күндері Алматы қаласында дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді. Жарыс «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде ұйымдастырылады.

Дүбірлі додаға Қазақстаннан бөлек, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ливан, Моңғолия, АҚШ, сондай-ақ Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасы қатысады деп күтілуде. Жалпы саны 700-ге жуық спортшы татамиге шығады.

Бұл турнир Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген және Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дәстүрлі жарыс. Азия кубогы биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Турнир Қазақстан дзюдо федерациясының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Жарыс жеңімпаздарына әлемдік рейтинг ұпайлары беріледі:

  • І орын – 100 ұпай

  • ІІ орын – 60 ұпай

  • ІІІ орын – 40 ұпай

Сондай-ақ, Азия кубогы аясында төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған халықаралық семинар өтеді. Семинарға Польша, Египет, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Үндістан, Иран, Нидерланд, Жапония және Сауд Арабиясынан келген 80-ге жуық төреші қатысады.

Жарыс бағдарламасы:

3 шілде – жасөспірімдер
Басталуы: 10:00
Финал: 17:00
Ұлдар: -50 кг, -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг
Қыздар: -40 кг, -44 кг, -48 кг, -52 кг, -57 кг

4 шілде – жасөспірімдер
Басталуы: 10:00
Финал: 17:00
Ұлдар: -81 кг, -90 кг, +90 кг
Қыздар: -63 кг, -70 кг, +70 кг

5 шілде – жастар
Басталуы: 10:00
Финал: 17:00
Ұлдар: -60 кг, -66 кг, -73 кг
Қыздар: -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг

6 шілде – жастар
Басталуы: 10:00
Финал: 17:00
Ұлдар: -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг
Қыздар: -70 кг, -78 кг, +78 кг

Анықтама:
Бекет Махмұтов — 2009–2012 жылдары Қазақстан дзюдо федерациясының президенті, сондай-ақ Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарған спорт саласының көрнекті қайраткері.

спорт
Көбірек оқыңыз