Алматыда пенчак силаттан Қазақстан чемпионаты өтеді

2025 жылғы 18–20 сәуір аралығында Алматы қаласындағы Достық спорт кешенінде (Абай даңғылы, 48а) пенчак силаттан жасөспірімдер мен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Чемпионатқа еліміздің 16 өңірінен және республикалық маңызы бар қалалардан 600-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Жарысқа тек жас спортшылар ғана емес, елге танымал пенчак силат шеберлері де қатысады. Сонымен қатар, іс-шараға белгілі спорт жұлдыздары құрметті қонақ ретінде шақырылған.

Пенчак силат — Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен тараған жауынгерлік өнер. Ол тек қана төбелес техникасын емес, сонымен қатар рухани тәрбие мен өзін-өзі қорғау мәдениетін де қамтиды. Қазіргі таңда пенчак силат халықаралық спорт түрі ретінде танылып, әлемнің көптеген елдерінде дамып келеді.

Чемпионаттың басты мақсаты — елімізде пенчак силатты кеңінен дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық құрама қатарына үміткер спортшыларды іріктеу.

Жарыс басталуы: 18 сәуір, сағат 10:00
Өтетін орны: Достық спорт кешені, Абай даңғылы, 48а, Алматы қаласы
Ашылу салтанаты: 20 сәуір, сағат 14:00

жаңалықтар спорт пресс-анонс
Көбірек оқыңыз