Алматыда республикалық «LEADER TOPIQ - 2025» байқауының ашылуы өтеді
Білім беру саласындағы үздік мамандарды анықтауға арналған «LEADER TOPIQ» республикалық байқауы биыл бесінші рет ұйымдастырылуда. Бұл байқау «Алматыкітап баспасы» бастамасымен TopIQ.kz платформасындағы электрондық оқулықтарды тиімді пайдаланатын мамандарды қолдау мақсатында өткізіледі.
«LEADER TOPIQ» байқауы цифрлық білім беруді дамытуға мүдделі педагогтер мен жаңашылдарды біріктіретін алаңға айналды. Жыл сайын оған 500-ден астам қатысушы өтінім беріп, жеңімпаздар Тамыз конференциясы аясында дипломдармен және қаржылай сертификаттармен марапатталады.
Байқауға білім беру саласына үлес қосып жүрген мамандар мен шығармашылық ізденістегі азаматтар қатыса алады. Олардың қатарына:
- Мұғалімдер
- Кітапханашылар
- Әдіскерлер
- Білім саласында жұмыс істейтін журналистер
- Колледж және жоғары оқу орындарының оқытушылары
- Студенттер мен мектеп оқушылары кіреді.
Байқаудың бес жылдық мерейтойына орай бірқатар жаңашылдықтар енгізілді:
- Бірінші ерекшелік – «TOPIQ-пен TOP-та бол!» республикалық челленджі.
Бұл челленджге еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының педагогтері мен оқушылары қатысады. Челлендж аясында қатысушылар цифрлық білім берудің маңыздылығын насихаттап, платформаның мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға шақырады. - Екінші ерекшелік – «Qamqor» интеллектуалдық ассистенті.
Бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін анимациялық кейіпкер, ол TopIQ.kz платформасындағы білім беру процесін жеңілдетуге арналған қызметтер туралы ақпарат береді.
Ұйымдастырушылар білім саласына қызығушылық танытатын барлық педагогтерді, ата-аналарды, білім беру мекемелері мен БАҚ өкілдерін шараға қатысуға шақырады.
Іс-шара туралы мәлімет:
- Өтетін күні: 5 наурыз 2025 жыл
- Уақыты: 11:00
- Өтетін орны: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 111, «Алматыкітап баспасы» кеңсесі, 2-қабат, конференц-зал