Алматыда тергеу изоляторының орнында жаңа саябақ пайда болады
Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Мәметова көшесінің қиылысында аумағы 0,3 гектар болатын жаңа саябақ салынады. Оны әлеуметтік жауапкершілік аясында жеке инвестор «Алтын Сапа ALM» ЖШС өз қаражаты есебінен жабдықтайды,- деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жаңа қоғамдық cаябақты құруға Алмалы ауданының тұрғындары бастаған. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қолдауымен құрылыс жұмыстары қазан айында басталып, барлық қажетті жұмыстар аяқталады,-деп хабарлады ведомстводан.
Компания осы учаскедегі апатты жағдайдағы екі тұрғын үй мен тергеу изоляторын бұзып үлгерді. Сондай-ақ саябақ үшін қала әкімдігі 35 қожайынның мүлкін сатып алады.