Алматыда The Spirit of Tengri халықаралық музыка фестивалі өтеді

2025 жылғы 7–8 маусым күндері Алматы қаласында Абай алаңында ашық аспан астында The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді. Бұл – әлемнің түкпір-түкпірінен келген музыканттар мен тыңдармандарды біріктіретін ірі мәдени шара. Фестивальге кіру тегін. Концерт күн сайын сағат 17:30-да басталады Биылғы фестиваль Tengrinews.kz ақпараттық порталының 15 жылдығына арналып отыр. Медиаорталық – шараның дәстүрлі серіктесі.

The Spirit of Tengri фестивалінің мақсаты – әлем халықтарының мәдени мұрасын сақтап, оны заманауи аудиторияға жақын әрі түсінікті ету. Жоба түрлі мәдениеттер мен ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, ашық және инклюзивті мәдени кеңістік құруға бағытталған.

2025 жылғы бағдарлама аясында фестиваль сахнасына Қазақстан, Италия, Колумбия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Тәжікстан, Башқұртстан және Сібірден келген музыканттар шығады. Олардың қатарында KALANDER, STEPPE SONS, KALASCIMA, KILLABEATMAKER, DOSI, ARO, ABBOS, Далер Назаров, AY YOLA және OTYKEN топтары бар.

Музыкалық бағдарламадан бөлек, келушілер үшін қолданбалы өнер жәрмеңкесі, әлем елдерінің тағамдары ұсынылатын фудкорт, қазақ ұлттық ойындары аймағы және алғаш рет ұйымдастырылатын дрон-шоу жоспарланған.

Фестивальдің бас серіктесі – «Мереке» тұрғын үй кешені.

фестиваль
Көбірек оқыңыз