Алматыда Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған кітаптардың тұсаукесері өтті

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған «Адамзаттың Абайы» атты шаралар циклі аясында жаңа кітаптардың таныстырылымы өтті. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – ұлы ойшылдың мерейтойына орай мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген еңбектерді көпшілікке кеңінен таныстыру.

Тұсаукесерге белгілі абайтанушы, «Абайтанудың кейбір мәселелері» кітабының авторы, академик, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зарқын Сыздықұлы Тайшыбай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Ақұштап Бақтыгереева, филология ғылымының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы, әдебиеттанушы-ғалым Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлы, сондай-ақ профессор Руда Зәйкенқызы Зәйкенова қатысты.

Абай
Көбірек оқыңыз