Алматыда «ZOO Art» атты жануарлар әлеміне арналған фотокөрме ашылды

2025 жылғы 29 маусым күні Алматы қаласында, Platforma шығармашылық кеңістігінің террасасында (Желтоксана көшесі, 148) «ZOO Art» атты фотовыставканың салтанатты ашылуы өтті. Шараны Қазақстан фотографтары мен цифрлық фотосуретшілер одағы ұйымдастырды.

Жобаға Астана, Петропавл, Павлодар, Өскемен және өзге де қалалардан келген 30-дан астам фотограф қатысты. Көрмеге қойылған 100-ден астам фотосурет жанрлық тұрғыдан әртүрлі: жабайы табиғаттағы жануарлардың портреттері, үй жануарлары, құстар мен жәндіктердің бейнелері, сондай-ақ арт-фотографиялар ұсынылған. Әрбір туынды — ерекше сәтті бейнелейтін, табиғаттың сұлулығын көрерменге жеткізетін жеке визуалды әңгіме.

Көрменің ашылуында қонақ спикерлердің дәрістері өтті. Белгілі фотограф, зерттеуші Оңғарбек Алхаров Қазақстандағы фотосурет өнерінің дамуы мен қазіргі мәдени үдерістегі орны туралы айтты. Ал суретші және куратор Дарья Дунич жануарлардың өнердегі символикасы мен қазіргі анималистикадағы жаңа тәсілдер жайлы баяндама жасады.

Көрме қонақтары авторлармен еркін тілдесіп, шығармашылық идеялармен бөлісіп, болашақ жобалар мен саяхаттар жайында пікір алмасты. Келушілер арасында креативті индустрия өкілдері, танымал блогерлер мен көптеген балалар болды — дәл осы балалар жануарлар әлеміне ерекше ықылас танытты.

Кеш соңында Sigma, Global Nomads, Beta Tea сынды серіктестер атынан сыйлықтар ойнатылып, Bayazed брендінің басты сыйлығы жарияланды. Бұл жүлде Қазақстан фотографтары мен цифрлық фотосуретшілер одағының әлеуметтік желілерінде өтетін байқау арқылы табысталады. Кез келген адам өзіне ұнаған авторға дауыс беріп, қолдау көрсете алады.

«ZOO Art» көрмесі 2025 жылғы 20 шілдеге дейін жалғасады. Кіру – тегін.
Өтетін орны: Алматы қ., Желтоксана көшесі, 148, Platforma кеңістігінің террасасы.

Бұл көрме — жай ғана көз қуантатын фотосуреттер жинағы емес, сонымен қатар табиғатпен үйлесімділік пен оны сақтаудағы адамзаттың жауапкершілігін еске салатын мағыналы көркем жоба.

көрме
Көбірек оқыңыз