Алматының тауларында қар жауды
Алматының тауларында қар жауды. Бұл туралы «Шымбулак» тау шаңғысы курортының әкімшілігі хабарлады.
«Ауа райы маусымдарды шатастырып, қазіргі уақытта 3200 метр биіктікте қар жауып жатыр. Жылы киініңіздер», – деп жазды олар Instagram-да.
Қардың түскені курорттың тікелей эфирде жұмыс істейтін камераларымен тіркелді. Қазіргі уақытта қар Богданович мұздығында және орта станцияда байқалып отыр.
Бүгін Алматы тұрғындары мен қала қонақтары ауа температурасының күрт төмендегенін байқады. Сонымен қатар, мегаполисте таңертең жауын-шашын болды.