AlmaU: Қазақстанда алғашқы жаһандық GEMBA бағдарламасының тұсаукесері өтеді

2025 жылдың 18 ақпанында AlmaU университетінде "Central Asia’s Gateway to Global Executive Education: Networking & Reception" атты ресми іс-шара өтеді. Осы шара халықаралық Global Executive MBA (GEMBA) бағдарламасының іске қосылуына орай ұйымдастырылады. Жоғары деңгейдегі басшылар мен бизнес иелеріне арналған аталмыш бағдарлама Қазақстан нарығындағы бірегей жоба болып табылады. Ол әлемдегі ең үздік бизнес мектептерінің бірі, халықаралық үштік аккредитацияға (AACSB, AMBA, EFMD) ие Antwerp Management School (AMS, Бельгия) университетімен серіктестікте әзірленген. AMS Financial Times рейтингі бойынша әлемнің ТОП-50 бизнес мектептерінің қатарына кіреді.    
                    

GEMBA бағдарламасының мақсаты – Қазақстанның экономикалық өсуіне ықпал етіп, инновацияларды енгізе алатын және басқарушылық мәдениетті дамытатын жаңа буын көшбасшыларын дайындау. Бағдарлама түлектері AlmaU мен AMS қос дипломын иеленіп қана қоймай, әлемнің жетекші оқу орындарында (MIT, SMU, ETH Zurich) өткізілетін халықаралық модульдерге қатысып, баға жетпес білім мен тәжірибе алады.        

Іс-шара бағдарламасы келесі тармақтарды қамтиды: Қазақстандағы Бельгия Елшісінің және Antwerp Management School өкілдерінің құттықтау сөздері, Қазақстандық және бельгиялық кәсіпкерлер арасында B2B форматындағы іскерлік кездесулер, нетворкингке арналған кешкі ресми қабылдау.

Іс-шара туралы толық мәлімет:
•    Күні: 18 ақпан 2025 жыл
•    Уақыты: 16:00
•    Өтетін орны: Atrium Grand Hall, «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ (Алматы қ., Розыбақиев көшесі, 227).

Бұл шараға қатысу Еуропалық Одақ елдері мен Қазақстан арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ білім беру мен бизнес саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылауға жол ашады.

Бизнес жаңалықтар Қазақстан білім пресс-анонс
Көбірек оқыңыз