"Алпамыс " ұлттық операсы фэнтези стилінде ұсынылмақ
"Астана Опера " театры Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына "Жыл премьерасын" дайындап жатыр. Еркеғали Рахмадиевтің либреттосына жазылған "Алпамыс" қаһармандық операсы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 3 және 4 желтоқсанда ұсынылады, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.
Спектакльді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, РФ халық әртісі, атақты режиссер Юрий Александров қояды.
Қойылым тобының дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин, режиссердің кеңесшісі – Найля Рахмадиева енді. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Сценографтар мен костюмдер суретшілері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов. Хореографтар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаева. Опера труппасының директоры – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Желтыргузов.
Шығармашылық топтың назарын ұлттық эпикалық кейіпкер Алпамыс батырға арналған опера сюжеті ғана емес, қазақ халқының бақыт пен бостандық, туған жерге деген махаббаты мен күресін жырлайтын осы туындының үйлесімді музыкалық драматургиясы да аударды.
Қойылымға дайындық басталып кетті. Алпамыс партиясын Расул Жармағамбетов, Ержан Саипов және Талғат Галеев дайындауда. Гүлбаршын бейнесін Жәмила Жарқымбаева, Айгүл Ниязова, Жаннат Бақтай, Айзада Қапонова сомдайды. Ана (Ана–Жер) – Татьяна Вицинская, Салтанат Мұратбекова. Тайшық хан – Шыңғыс Расылхан, Жанат Шыбықбаев, Болат Есімханов. Қаракөз-Салтанат Ахметова мен Әсем Сембина. Жыраулар – Ерлан Рысқали, Хайдар Мұстапин, Мыстан – Бибігүл Жанұзақ, Гүлжанат Сапақова. Кейқуат – Абылай Бекен, Әлихан Зейнолла. Қараман – Бейімбет Таңарықов, Ерұлан Кәмел, Ұлттық – Ерұлан Кәмел, Рамзат Балакишиев.
Театр ұжымы өз репертуарларын ұлттық опера өнерінің жауһарларымен толықтыруды жалғастырып, басты мақсаттарын орындап жатқандарын еске салды.
Автор: Мөлдір Адамжан
Фото: ашық дерек көздерінен