Алты октава және опера әншісі болу мүмкіндігі. Димаш Құдайберген туралы 5 дерек
23 қыркүйекте Алматыда қазақстандық сахнаның сенсациясына айналған - Димаш Құдайберген алғаш рет өз көрермендеріне үлкен концерт өткізбек. Шілде айында билеттер толықтай сатылып кеткенімен, оның қойылымына барғысы келетіндер саны азаяр емес. Димаштың бірегейлігі неде? Біз бес фактіге біріктіріп көрдік.
Факт 1
Димаш - Ақтөбенің тумасы (әнші дүниеге келген кезде қала Актюбинск деп аталған), бірақ оның даңқы Қазақстаннан тыс жерлерге де тарады. Ол екінші орынға ие болған жергілікті Singer 2017 телешоуына қатысу арқылы Қытайда танымал болды. Сол жылы музыка саласындағы, аспан асты елінде ол "Грэммиден"кем түспейтін сыйлығын иеленіп, "ең танымал шетелдік әнші" және "ең үздік азиялық әнші" номинациялары бойынша марапатталды.
Факт 2
Димаштың концерттер географиясы өте үлкен. Ол Ресейде, Украинада, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Латвияда, БАӘ-де, Германияда, Чехияда өнер көрсетті, Қытайда, Қазақстан бойынша гастрольде болды, бірақ Алматыда әнші өзінің мансабында алғаш рет өнер көрсетпек.
Факт 3
Бұл туралы бәрі білсе де, атап өтпеу мүмкін емес. Димаштың вокалдық диапазоны-алты бас регистрден колоратуралық сопраноға дейін октава. Барлық сарапшылар оны бір ауыздан феномен деп атап (әзірбайжандық мэтр Полад Бюльбюль оғлы Димаштың "бір өзінде үш дауыс бар" екенін айтқан), ғылыми түсіндірмелер де береді, ал біз жай ғана оның үнінен ләззат аламыз.
Факт 4
Осындай бірегей дауыс иесі ретінде Димаштың академиялық әнші мансабын бастауға нақты мүмкіндігі болды. Тіпті оны "Astana Opera" мемлекеттік опера және балет театрына шақырған. Бірақ ол қазіргі заманғы музыкада өсіп, дамығанды жөн көрді.
Факт 5
Димаш-өнегелі музыкант. Оның ата-анасы Қанат және Светлана Айтбаевалар, Қазақстанның еңбек сіңірген әншілері, ал өзі бала кезінен ән айтып, фортепианода түрлі конкурстарда ойнаған. Сонымен қатар Димаш домбыра мен соқпалы аспаптарда ойнай алады.
Димаш Құдайберген Stranger бағдарламасымен жақын арада өнер көрсетеді!
2022 жылғы 23 қыркүйек
Алматы, Орталық стадион
Концерттің басталуы-20: 00
Автор: Игорь Топорков
Аударған: Мөлдір Адамжан
Сурет: баспасөз қызметі мұрағатынан