Apple жаңа iPhone 16 моделін таныстырды

Apple жаңа iPhone 16 моделдерін атап айтқанда iPhone 16 Pro және Pro Max өнімдерімен таныстырды. 

Жаңа iPhone 16 чипі A18-мен жабдықталған, бұл алдыңғы буын чиптеріне қарағанда өнімділікті 40%-ға арттырады. Аталған негізгі модель бес түсте ұсынылады.

iPhone 16 Pro және Pro Max жаңа desert titanium түсінде ұсынылған. Модельдердің экран диагональдары 6,3 және 6,9 дюймды құрайды. Одан бөлек iPhone 16 Plus таныстырылды. 

"Apple-дің смарт мүмкіндіктері Siri үшін жаңа дәуірдің басталғанын хабарлайды және тілді тереңірек түсіну арқылы оны табиғи, контекстік тұрғыдан маңызды етеді", - деді Apple компаниясының бағдарламалық қамтамасыз ету инженериясының аға вице-президенті Крейг Федериги.

 

Көбірек оқыңыз