Аптап ыстықтан балаларды қорғау бойынша ескеретін бірнеше ұсыныстар келтірілді.

23 елдің деректеріне жасалған жаңа талдауға сәйкес, Еуропа мен Орталық Азиядағы температураның көтерілуі 2021 жылы 377 баланың өмірін қиды,- деп хабарлайды Юнисеф 

Еуропа мен Орталық Азиядағы 92 миллион бала жиі ыстық толқындарына ұшырайды. Бұл аймақтарда температура дүние жүзінде ең жылдам қарқынмен көтерілуде. Ми қайнататын аптап ыстық күндері үлкендердің ғана емес балалардың да денсаулығының ауыр асқынуларына әкелуі мүмкін. 

«Медициналық көмек болмаса, бұл асқынулар өмірге қауіп төндіруі мүмкін», - деді ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Регина Де Доминисис.

Аптап ыстықтан балаларды қорғау бойынша ескеретін бірнеше ұсыныстар келтірілді. 

1. Балаларды қорғауға назар аудара отырып, жылу толқындарының әсерін азайту стратегияларын біріктіру. 

“Төтенше аптап ыстық толқындарының әсерін азайту стратегияларын басқару арқылы  балаларды қорғауға баса назар аудару керек. Атап айтқанда ұлттық жарналарды, ұлттық бейімдеу жоспарларын және апаттар қаупін азайту шараларын ұйымдастыру керек”

2. Денсаулық сақтау және алғашқы медициналық көмекті дамыту арқылы балалардағы онкологиялық көмекті жақсартуға инвестициялау. 

3. Балаларды ыстық стресстен қорғау үшін ерте хабарлау жүйелері мен білім беру жабдықтарына инвестиция.

“Ерте ескерту жүйелеріне, соның ішінде төтенше жағдайлар туралы ескерту жүйелеріне инвестиция жасау. Балалар ойнайтын орындардағы температураны төмендету мақсатында білім беру ұйымдарының үй-жайларын қайта жабдықтау, сондай-ақ педагогтарды ыстық күндегі күйзеліспен күресу дағдыларына үйрету” 

4. Халықтың осал топтарына жоғары температураның әсерін барынша азайту үшін қалалық дизайн мен инфрақұрылымды бейімдеу.

“Тұрмыс жағдайы төмен топтардан тұратын ғимараттарды, жоғары температура әсерін азайту үшін тиісті түрде жабдықтауды бейімдеу”

5. Судың сапасы мен қолжетімділігі нашарлаған елдерде қауіпсіз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету.

“Сондай-ақ су сапасы төмендеп, судың қолжетімділігі төмендеп жатқан елдерде сумен қамтамасыз етуді жоспарлау”

Дүние жүзіндегі ыстық толқындардың балаларға әсері туралы толығырақ сілтеме бойынша оқи аласыз: https://www.unicef.org/reports/coldest-year-rest-of-their-lives-children-heatwaves

Көбірек оқыңыз