АҚШ-тағы сайлау
АҚШ-тағы президенттік сайлаудың алғашқы екзит-полл нәтижелері жарияланды.
Edison Researchкомпаниясының есебіне сәйкес, қазіргі уақытта Камала Харрис 48% дауыс жинаса, Дональд Трампқа 44% электорат қолдау білдірген.
Алайда АҚШ сайлауының ерекшелігі — халықтың көп дауысын жинаған кандидат жеңіске жеткен жоқ. Сайлау жүйесінде арнайы сайлаушылардың дауысы шешуші рөл атқарады. Жалпы саны 538 сайлаушының 270 дауысын алған кандидат президент болады.
Қазіргі мәліметтер бойынша, Трамп бұл көрсеткіште көш бастап келеді.